Қазан айының үшінші жексенбісі – орман шаруашылығы қызметкері күні. Кәсіби мерекеге орай аудан әкімі А.Абдинов Алакөл ауданындағы орман шаруашылығы қызметкерлерін қабылдап, мерекелерімен құттықтады.

Аудан әкімі өз сөзінде: «Орман – еліміздің баға жетпес байлығы, халықтың дәулеті, теңдесі жоқ экономикалық және экологиялық қорымыз. Алакөл өңірі үшін орман шаруашылығының өз орны бар. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің кезекті Жолдауында Мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. және елді мекендерде 15 млн. ағаш отырғызу жөнінде экологиялық бастама көтеріп, тапсырма берген болатын. Сондай-ақ, Үкімет пен Парламентке азаматтық қызметкерлердің, соның ішінде орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақыларын көтеруді тапсырды.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді дана халқымыз. Бүгінде жергілікті жерлерде 6165 түп көшет отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жоспарлы жүргізілуде. Тыныс-тіршілігіміз үшін маңызы зор саланы нығайтуда сіздер білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық және орман шаруашылығы салаларының дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер», –  деген өңір басшысы ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына, өркендеуіне зор үлес қосып жүрген маман иелерін құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапаттады.

Алакөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *