ҚР рәміздерінің 30 жылдығы және 25 қазан – Республика күніне орай «Конституция, Елтаңба, Ту, Әнұран бірлік пен тәуелсіздік нышандары» атты облыстық форум аясында өткен «Менің Гимнім, менің Туым, менің Қазақстаным!» атты онлайн-конкурс мәресіне жетіп, Үшарал қаласындағы №2 орта мектебінде байқау жеңімпаздары марапатталды.

Жиында алғаш болып сөз алған Алакөл аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Б.Айтахметов мемлекеттік рәміздердің маңызы, тәртібі туралы сөз қозғап, жеңімпаздарды құттықтады.

Жалғасын тапқан шара барысында жүлделі орын иеленгендер сахна төріне шақырылып, диплом мен сыйлықтар табысталды. Айта кету керек, жеңімпаздар  қатарында мектеп оқушылары ғана емес, балабақша тәрбиеленушілері де бар. Марапат иелері сахна төріне шығып, әсем ән әуелетіп, жиналғандарға жақсы көңіл-күй сыйлады. Марапаттау рәсімінен кейін ҚР рәміздері жайлы сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Шараға келген оқушылар әр мектеп атынан сынға түсіп, білімін көрсетті.

Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *