Жетісу облысында тіркеу қорытындысы бойынша барлығы 538 депутаттыққа кандидат тіркелді. Қазіргі уақытта, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша Жетісу облыстық бірмандаттық аумақтық №17 сайлау округінен – 13 кандидат сайлауға түседі. Онда: 1 – кандидат “Аманат” партиясынан, 12 – кандидат өзін-өзі ұсыну арқылы.

Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 5 саяси партияның партиялық тізімі бойынша 58 кандидат сайлауға түседі. Онда:

“Аманат” партиясы (34 кандидат),

“ҚХП” партиясы (6 кандидат),

“Ауыл” партиясы (8 кандидат),

“Республика” партиясы (2 кандидат),

“Ақжол” партиясы (8 кандидат)

Жетісу облысында бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша: облыстық мәслихатқа 16 округ бойынша 52 кандидат; қалалық мәслихаттарға 29 округ бойынша 85 кандидат; аудандық мәслихаттарға 107 округ бойынша 317 кандидат.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *