25 қазан – Республика күні және Балалар жылына орай аудандық аналар кеңесі және білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Баланың жақсы болуы – ата-анадан» атты аудандық жалпы ата-аналар конференциясы өтті.

Конференцияның алғашқы сөзін аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов алып, оқушылардың тәрбиесі, тәрбиедегі ата-ананың рөліне тоқталып өтті. Сондай-ақ шарада «Қазіргі отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығының әдіскері Қ.Қуанышбаев, «Жақсы бала ата-анадан» тақырыбында облыстық аналар кеңесі төрағасының орынбасары Ғ.Ақбасова, «Бала тәрбиесі баршаның ісі» тақырыбында Үшарал қаласы аналар кеңесінің төрайымы З.Жұманова, «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында аудандық аурухананың бала дәрігері Ж.Булаева, «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебінің директоры А.Аханова, «Ата-ананың бала алдындағы міндеті мен құқығы» тақырыбында Қабанбай батыр атындағы ОМ ата-аналар кеңесінің төрайымы Н.Жұматова, аудандық прокуратураның прокуроры М.Алмасұлы және аудандық қоғамдық кеңестің төрайымы Қ.Қсталасова қатысып, баяндама жасады. Жиын соңында ата-аналар тарапынан кері байланыс орнатылып, пікірлерін білдірді.

Айдана ТЫНЫСБЕКОВА,

Алакөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *