Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы барлық сайлау учаскелерінде тұрғындарға тегін наурыз көже берілуде.

Ұлттық ойындарымыз да жаңғырып, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тартыс, дойбы жарыстары өтті.

№134 және №135 сайлау учаскелерінде ұйымдастырылған мерекелік концерт тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйланды.

Сайлауға қолдау білдіру мақсатында Ескелді ауылдық округінің белсенді жастары заманауи флешмоб биін ұйымдастырды.

Сонымен қатар, кейбір сайлау учаскелерінде тегін кітап таратылды. Ал №136 сайлау учаскесінде “Лад” ЖШС кондитерлік өнімдері арзандатылған бағада сатылды.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *