Ойын барысында аудандық орталық кітапхана тарапынан дайындалған ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен аудан тарихы қамтылған сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендері сый-сияпатқа ие болуда. Сайлау участкесінің хатшысы Гулим Нурекенованың айтуынша, жалпы бұл сайлау участкесінде 1168 сайлаушы бар екен. Бақылаушылар мен үміткерлердің сенімді өкілдерінің жалпы саны- 12 адам. Бұл күні 14 адам үй жағдайында өз таңдауларын жасапты. Ал 5 сайлаушы алғаш рет саяси науқанға қатысқан.
“Қаратал-Ақпарат”