Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бір адамның емес, көпшіліктің белсене ат салысатын ісі. Сондықтан «Көп қорқытады, терең батырады» дегендей көпшілік бірлессе, сыбайлас жемқорлыққа мықты тосқауыл қойылатыны сөзсіз. Сыбайлас жемқорлықпен күресте тек құқықтық органдар ғана емес, азаматтық және қоғамдық ұйымдар маңызды басымдық беріп, белсенділік танытулары қажет.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағым, өтініштері. Мемлекетіміздің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

Бүгінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде азаматтық қоғамды шешімдер қабылдау процестеріне тарту үшін тиімді институционалдық-құқықтық негіз қалыптастырылса, «Адалдық алаңы» жобасының ауқымы ел бойынша кеңейтілді, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерінде мемлекеттік органдардың азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл арналарын құруға мүмкіндік берді.

Жыл басынан «Жетісу – адалдық алаңы» жобасы аясында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек тағайындау аясында 34 жеке қабылдау өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Бұдан бөлек орталықта номері 21248 сенім телефоны және ұсыныс пен шағымдар бойынша арнайы жәшік орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық – бұл індет, ол бір күнде шеше салатын шаруа емес. Бұл індетпен күресті тек мемлекет тарапынан емес, бүкіл ел болып жұмылғанда ғана жеңуге болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларына әрекет ету – халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкерлерінің де басты міндеті болып табылады.

А.КІЛТБАЕВА, Қаратал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *