«Мен қазір Текелі қаласындағы Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде джиу-джитсудан жаттықтырушы болып жұмыс істеймін. Жасым 22-де. Сайлауға қатысып, дауыс беруді азаматтық міндетім деп санаймын. Спортшылар қауымы да еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Сайлауға қатысу менің теңізге тамшыдай болса да қосқан үлесім. Жаңарған, дамыған, әділетті Қазақстанда өмір сүргіміз келсе, бәріміз жұмыла үлес қосқанымыз дұрыс», – деді Үкілай.