Саяси додаға белсене атсалысып жатқан өңір жастары өз сайлау участкелерінде таңдауларын жасап, болашаққа деген үлестерін қосуда. Өңірімізге қарасты Ескелді ауылдық округінің белсенді жастары халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлап, заманауи «флешмоб» биін биледі. Өзге де жастар жағы биге қосылып, алдағы мерекелерге деген дайындықтарын бір пысықтап алғандай.
«Бәріміз бір шаңырақ астында – ортақ үйіміз Қазақ¬станда өмір сүріп жатырмыз. Білім алып, өсіп-жетілудеміз. Болашақта мемлекетіміздің игілігі үшін еңбек етеміз. Бүгін өңіріміздегі жастар өзінің сайлау учаскесінен табылады деп үміттенеміз. Себебі бұл күні біз кандидатқа дауыс беріп қана қоймай, ел тағдырын шешеміз. Елдің болашағын ойлаған әрбір жас бұл сайлауға қатысып, өзі қалаған үміткеріне дауыс беруі керек. Еліміздің дамуына өз үлесін қосу әр жастың басты мақсаты, саяси құндылығы болу керек деп ойлаймыз. Ең маңыздысы – тұрақтылықты сақтауда, тарихи құндылықтарды насихаттауда, демократиялық принциптерді қалыптастыруда жастар алдыңғы қатарда болу керек деп есептейміз. Бұл сайлау жастардың белсене қатысып, өз болашақтарына нық қадам жасауына зор мүмкіндік», – дейді олар.