Жақында ғана 18-ге толған Бекзат Ержанұлы мен Мәдина Ахметуәлиқызы Текелі қаласындағы №441 сайлау учаскесіне келіп, алғаш рет дауыс берді. Сайлауға үлкен жауапкершілікпен қатысқан оларға естелік сыйлықтар табыс етілді. №446 сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс берген Құралай Қуатқызы да саяси маңызды шараға өз үлесін қосып, тұла бойын толқу сезімі билегенін айтты.


#ЕлҮшінТаңдау #ӨзКандидатыңдыТаңда #Сайлауғабарамын #ЖетісуСайлау