Алакөл ауданы, Қамысқала ауылдық округінің тұрғындары Ариновтартар – балықшылар әулеті. Отағасы Мұхамедияр мен отанасы Қайынжамал Ариновтар бастап, балалары мен немерелері түгелдей балық шаруашылығымен айналысады. Балықшылар әулеті сайлауда өз учаскілеріне барып, азаматтық ұстанымдарын білдірді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Отбасы мүшелері осыған дейін 6 рет сайлауға қатысып, өз белсенділіктерін танытқан. Осы жолы да сол үрдістерін үлгі етті.

Президент Жолдауындағы саяси реформаларды қолдап, елімізде әділетті қоғам орнату үшін қабылданған шараларға ыстық ықыласын білдіре отырып: «Дауыс беру – әр адамның азаматтық борышы. Біз отбасымызбен сайлау учаскесіне барып, ел болашағы үшін дауыс бердік. Біз үшін сайлау – тұрақты дамудың кепілі. Сондықтан өз дауысымызды лайықты кандидаттар мен партияларға бердік», – дейді Ариновтар әулетінің мүшелері.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *