25 қазан – Республика күніне орай аудандық «Іскер әйелдері» палатасының төрайымы Б.Саятованың төрағалығымен ауданның кәсіпкер әйел азаматшалары және көпбалалы аналардың қатысуымен «Ауыл әйелдері» форумы өтті. Шара шымылдығын аудан әкімінің орынбасары М.Төлеужанов ашып, ауданның кәсіпкерлік саласына, отбасылық гендерлік-демографиялық саясат тұжырымдамасының іске асуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматшаларға алғыс хат табыс етті. Сондай-ақ, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ұ.Дюсебаева сөз сөйлеп, форумның маңыздылығына тоқталды.
Бұдан бөлек шарада Үшарал қаласының №4 облыстық психологиялық-медициналық педагогикалық консультация КММ-сі психологы Т.Мұқашева, аудандық орталық ауруханасы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» бөлімінің жауапты маманы Ә.Әліпбекова баяндама жасады.
Алакөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі