Жуырда «AMANAT» партиясы Алакөл аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Тоқжайлау» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті. Алакөл аудандық филиалының атқарушы хатшысы әрі аудандық мәслихат депутаты Қ.Көкебаев БПҰ мүшелеріне Жолдау бағыттары мен партияның кезектын тыс Съезі жайлы әңгімеледі. Сонымен қатар, Съездегі күн тәртібінде айтылған мәселелерге тоқталып, партияның саяси тұғырнамасы қабылданғаны туралы да жеткізді.
– Тұғырнама «Адам-қоғам-мемлекет» қағидасына негізделіп, қоғамды ұйыстырушы партия болып табылады. Съезден кейін Халықтық коалицияның іс-шарасына қатыстық. 1200-ге жуық делегаттар қатысқан шарада партиялар мен қоғамдық ұйымдар, бірлестіктердің өкілдері бірауыздан Президенттікке Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынды және қолдау тапты, – деді ол.
Ел басшысының соңғы Жолдауында жаңа экономикалық саясатты іске асыру үшін өндіріс орындарын инновациялық технологиялар мен жоғары санатты кадрлармен қамтасыз ету қажеттігі, салық саясаты, оның ішінде кеден саласындағы мәселелерді шешу, жер, жол, құрылыс мәселесінің дұрыс игерілуі қарастырылған. Сондай-ақ денсаулық, әлеуметтік мәселелермен қоса, білім беру саласы да басты назарда. Мәселен, Президент мектепке дейінгі тәрбие жұмыстарында кездесетін олқылықтарды ретке келтіріп, бала-бақшадағы тәрбиешілерді де аттестаттаудан өткізу керектігін ескертті. Алдағы уақытта Мемлекет басшысы айқындап берген мақсатты бағыт-бағдар толық жүзеге асырылады деген сенімдеміз.
«AMANAT» партиясы Алакөл аудандық филиалы