Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының

2022 -2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығындағы 5 бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тәсілдері мынадай міндеттерді орындау арқылы іске асырылатын болады: сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру; сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін жою; жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту; сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру.

Осы тұжырымдамадағы бірінші міндетті сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруды қарастырсақ. Құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру адалдық, заңдылық пен прагматизм әркімнің ішкі құндылық нанымына айналуға тиіс.

Қоғам сыбайлас жемқорлықты проблемаларды оңай шешудің кепілі ретінде қабылдамауға, достық қарым-қатынас пен протекционизмді жұмыспен ұштастырмауға тиіс. Жемқорлар қоғамдық айыптауға ұшырауға тиіс. Адамның сыбайлас жемқорлық іс-әрекет жасауды немесе жасамауды таңдауы жазаның ауырлығымен және қылмыс жасаудан күтілетін пайдамен салыстырылмауға тиіс.

Құқықтық актілерді түсінікті тілде, қысқаша түсіндіре отырып, сондай-ақ цифрлық шешімдерді, оның ішінде белгілі бір өмірлік жағдайлар мен заңдық фактілер бойынша автоматтандырылған хабарларды қолдана отырып, азаматтарға олардың құқықтары туралы нақты хабарлауды дамыту қажет.

Ауқымды түсіндіру жұмысы азаматтарды мәселелерді шешудің заңсыз тәсілдерін іздеу қажеттілігінен қорғауға мүмкіндік береді.

Қаратал ауданының статистика бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *