Адамзат санасы өсіп, толысқан сайын мемлекет те дамып, ілгерілей бермек. Алайда дамыған елдердің өзінде де үлкен мәселе бар. Ол – сыбайлас жемқорлық. Сыбайластық дамыған сайын жемқорлықпен күресу де қиындай түсетіні сөзсіз. Тіпті қазіргі уақытта басқа мәселелермен салыстырғанда ең жоғарғы сатыдан орын алады десек те қателеспейміз. Әсіресе бұл, мемлекеттік органдарда шешуі қиын мәселелердің қатарында тұр.

Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі – сыбайлас  жемқорлықпен күресті тұрақты жүргізу, яғни, осы тұста «мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы шындық, айқындық, адалдық, ашықтық принциптеріне негізделу қажет» делінген.

Әрбір ел азаматы, әрбір мемлекеттік қызметкер жемқорлықтың алдын алып, оны болдырмауға, анықталған жемқорлық туралы мәліметтерді тиісті органдарға дер кезінде хабарлауға міндетті. Жемқорлықпен күрес –  баршаға ортақ.

Б. ЖЕКСЕМБАЕВ, Үштөбе қаласындағы №8-ӨСБ бастығы

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *