Дана халқымыз «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп» деп бекер айтпаса керек-ті. 2023-2024 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен 31 тамыз аралығына дейін жалғасады.
Өтінім https://e-zhetysu.kz/ орталықтандырылған деректер базасы және egov.kz электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады. Ата-аналардың өтініші бойынша құжаттарды дәстүрлі қағаз түрінде де өткізуге рұқсат беріледі.
Ата-аналарға порталдың «Білім» бөлімінен «Орта білім» бөліміне өту қажет. Ары қарай «Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар: ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан); баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; денсаулығы туралы анықтамасы (медициналық паспорт); 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; 3*4 – 2 дана фотосурет.
Баланы жалпы білім беретін мектептерге қабылдауда емтихан немесе тестілеу өткізілмейді, ал гимназия мен лицейлерге қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Өз тілшіміз