Қазақстандық мектептерде оқу жылының қай күні аяқталатыны тағы да нақтыланды
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова республика мектептерінде 2022-2023 оқу жылын аяқтау және мектеп оқушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы бұйрық қабылданғаны туралы тағы да еске салды. Сонымен, барлық білім мекемелерінде, орта білім беру ұйымдарындағы оқу сабақтары 2023 жылғы 31 мамырда аяқталатын болды. Сондай-ақ, 9-10-сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылғы 2–13 маусым аралығында, ал 11-12-сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары 2023 жылғы 5–19 маусым аралығында өткізіледі.