Қадірлі оқырман! Қымбатты Қараталдықтар! Алаш рухын арқалаған ақжолтай хабаршы, баршамызға алғашқы «Путь коммунизма» атауымен етене таныс, көзге ыстық көңілге қымбат «QARATAL» газеті бүгінде өзімен аттас Қаратал ауданында жалауын желбіретіп отыр. Азды-көпті 90 жылдық тарихы бар абыз басылым қасиетті Қаратал тұрғындарын ақпаратпен қамтуды ары қарай абыроймен жалғастыруда.  Көне басылым Үкімет қаулысы негізінде жекешелендіріліп кеткенімен елдік мүдде, елім деп соққан өршіл жүрек жеке кеткен жоқ. Басылым қандай сыннан өтсе халықпен бірге. Ал халық – бізбен бірге.

«Қараталды» баға жетпес қазынаға теңеп, құлашы кенен басылымның жабылып қалуына әсте жол бермей, мәртебесінің жоғарылай беруіне атсалысып, таралымының жылдан-жылға ұлғаюына мән беріп, әрқашан қолдау білдіретін Қаратал ауданының әкімі Ерлан Исабеков, Қаратал ауданы әкімінің орынбасарлары Айдар Башбаев, Қайрат Қасымов, Қаратал аудандық мәслихатының хатшысы Жандос Теңелбаев, «AMANAT» партиясы Қаратал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Алмас Байгунысов, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Айбек Оңғаров т.б. өңір азаматтарына шексіз алғыс білдіремін. Осы уақытқа дейін «QARATAL» газетінен қол үзбей, үнемі қызығушылық танытып, жаздырып алып, іздеп жүріп оқитын аудан халқы мен мемлекеттік қызметшілер, білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау саласының ұжымдары мен бюджеттік мекеме және жеке кәсіпкерлерге айтар алғысым зор.

Алдағы уақытта да Қаратал ауданында қазығын қаққан қара шаңырақ – көне басылым «QARATAL» газеті әр шаңырақ төрінен табылса екен деген ниет. Біз өз тарапымыздан әр оқырманның ұсыныс-тілегіне құлақ түріп, айтар ойларымен санасуға әзірміз. Еліміз бен өңіріміздің өзекті жаңалықтарын уақытылы жеткізіп, танымды дүниелерді жан-жақты жария етуге тырысамыз. «QARATAL» Қараталдықтармен бірге! Баспасөзге жазылу мерзіміне сай басылымға 2023 жылға жазылу жалғасуда. « Қараталды» құрметтеу – ел тарихын құрметтеу деп білеміз. Сондықтан тарихи басылымның кеңінен таралуына белсене атсалысуларыңызды сұраймын.

Альфита СЕКСЕНБАЕВА, «Қаратал» газеті» ЖШС-нің бас редакторы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *