Қаратал ауданының әкімі Ұлан ДОСЫМБЕКОВТЫҢ Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді татулық пен келісімнің шынайы үлгісіне айналған «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – қазақтың кең байтақ даласын мекен еткен ұлт пен ұлыстың ынтымағын одан әрі нығайтатын мереке. Қазақ – қашанда бауырмал халық. Қиын кезеңдерде ата-бабаларымыз елімізден пана іздеп келгендердің бәрін бауырына басып, бір үзім нанды бөліп жеді. Ел басына күн туған замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі.
Қымбатты жерлестер!
Достық бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық. Бірлік пен ынтымақтың мекеніне айналған ауданымыз жыл өткен сайын көркейіп, кемелденуде, экономикасы өрге басып келеді. Бірқатар маңызды бағыттар бойынша жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізілуде. Осы жетістіктердің бәрінде аудан тұрғындарының татулық пен бірлікке бағытталған қажырлы еңбегі мен ақ ниеті бар.
Елімізде бүгінде 140-тан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын! Баршаңызға шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін. Бейбітшілік, тұрақтылық, азаматтық келісім орнаған Қазақстан жасасын!
Әрқашанда еліміздегі ұлтаралық татулық берік, ынтымақ пен бірлік мәңгі болсын! Мереке құтты болсын!