Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітілген 2021 жылы «Еңбек елдің – мұраты» мерекесі белгіленді. «Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасын мерекелеу қарсаңында республика бойынша «Еңбек жолы» конкурсы жарияланып, үміткерлерден өтініштер қабылдау басталды. Конкурсқа еңбек әулеттері мен әр саланың жұмыскерлері мен қызметкерлері қатысады.
«Еңбек Жолы» конкурсы – жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Еңбек – елдің мұраты» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.
Конкурсқа кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс 3 номинациядан тұрады: 1. «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп санды әулет таңдалады.
Конкурсқа меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардағы еңбек әулеттерінің өкілдері қатыса алады. Еңбек әулеті – бір ұйымның бір отбасының екі және одан да көп ұрпағы болып табылатын (ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі балаларымен немесе немерелерімен), қазіргі уақытта еңбек қызметін жүзеге асыратын және аталған ұйымдағы жиынтық жұмыс өтілі кемінде 20 жыл жұмыскерлер тобы. Еңбек қызметін бәрінен бұрын бастаған әулет өкілі әулеттің басшысы болып танылады. Еңбек әулеті ауылдың, ауданның (қаланың, облыстың) қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, жастарды кәсіптік бағдарлауға жәрдемдесуге, өз кәсібін насихаттауға тиіс.
- «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
- «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады: 1. номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім; 2. жеке куәліктің көшірмесі; 3. номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген); 4. конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б.) 1-3 минут компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында); 5. еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама; 6. жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат. Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері): мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері; біліктілікті арттыру туралы сертификаттар (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
Өтінімдер 2023 жылдың 15 сәуірден – 15 маусым аралығында қабылданады.
Осыған байланысты, конкурсқа қатысу үшін Үштөбе қаласы, Құсмолданов көшесі, 3-үй мекенжайы бойынша «Қаратал ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-не хабарласуыңызды сұраймыз. Анықтама телефоны 2-12-64.
«Қаратал ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ