Қаратал ауданында жалпы жоспар бойынша 9732,7 гектарда ылғал жабу, 17816,3 гектар себу алдындағы өңдеу, 12816,3 мың гектар жер жырту және 3362 гектарда жаздық дақылдар себілетін болады.
Бүгінгі күнге Елтай ауылдық округі бойынша 264,7 гектарға, Ескелді ауылдық округі бойынша 1685 гектарға, Бастөбе ауылдық округі бойынша 2072 гектарға, Үштөбе қалалық округі бойынша 975 гектарға, Балпық ауылдық округі бойынша 1170 гектарға, Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша 1555 гектарға, Айту би ауылдық округі бойынша 1225 гектарға және Тастөбе ауылдық округінде 786 гектарға ылғал жабу, тырмалау жұмыстары толығымен аяқталды. Себу алдындағы өңдеу 17816,3 га және көктемгі жер жырту 12816,3 га құрайды.
Қазіргі кезде жоспарланған жаздық дәнді масақты 3173 гектар және 2382 га көпжылдық шөп толығымен себілген. Жоспарланған жүгері 3717 га, себілгені 165 га, жоспарланған күнбағыс 225 га, себілгені 50 га, жоспарланған бақша дақылдары 515 га, себілгені 35 га, жоспарланған көкөніс 1874 га, себілгені 143,8, жоспарланған қартоп 1120 га, себілгені 186 га.
Жоспарланған қант қызылшасы 1100 га құрайды, қазіргі кезде 302,5 га себілген. Оның ішінде Айту би ауылдық округі бойынша 18 га, Бастөбе ауылдық округі бойынша 111 га, Балпық ауылдық округі бойынша 60 га, Жолбарыс батыр ауылдық округі бойынша 113,5 га.
Минералды тыңайтқыштарды жеткізушілермен келіссөздер жүргізілді. Шаруа қожалықтарымен бірлесіп жұмыс жасалуда. «Үштөбе Жаңалық» ЖШС-нің басшысымен тыңайтқыштарды жеткізу, тарату орындарын айқындау бағытында келіссөздер жүргізілді. Тыңайтқыштарды аудан аумағында сату жоспарлануда. Аудан бойынша 582,5 тонна тыңайтқыштар алынған. Аудан бойынша 40 шаруа қожалығы 301,8 тонна аммафос, 44 шаруа қожалығы 218 тонна селитра, 2 ЖШС – тері 400 тонна сульфат аммония алуға сұраныс беріп отыр.
Көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 400 тонна (наурыз – 100 тн, сәуір – 150 тн, мамыр – 150 тн) кепілдендірілген дизель отынның, наурыз айына тиесілі көлемі толық жеткізілді. Қала, ауылдық округ әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес аудан бойынша жалпы ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы 92,5% құрап отыр.
Анықтама: барлығы 686 бірлік тракторлардың 430 (62,7%), 92 бірлік сепкіштер (100%), 218 бірлік соқалар (100%), 88 бірлік қопсытқыштар (100%), 138 бірлік тырмалар (100%) жөндеуден өтті).
Қант қызылшасын себуге арналған аудан бойынша жалпы 13 сепкіш бар, оның 3 бірлігі сервистік-дайындау орталықтарында, ал 10 данасы шаруашылықтарда. Олардың жалпы қуаттылығы күніне 156 гектарды қамти алады (1 сепкіш /күніне 12 га).
Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ