Жуырда аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Жастар таңдауы» ҚБ ұйымдастыруымен «Жетісу – Адалдық Алаңы» жобасы аясында Республика күні мерекесіне орай ересектер арасында жеңіл атлетикалық марафон өтті.
Бастөбе ауылдық округінде өткен жарысқа аудан жастары белсене қатысып, бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосты. Олар 7 шақырымдық жерді жүгіріп, жүзден жүйрік болып, мәре сызығын алғашқы кескендер жеңімпаз атанды. Марапаттау рәсімін аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы А.Оңғаров жүргізді. Шара нәтижесінде 1-орын тұғырынан Амир Сегізбаев көрінсе, Мансур Жолдасқан 2 орын иегері атанды. Кирилл Арсентиев 3 орынға жайғасса, 4 орын Санат Октябрге бұйырды. Ал Шерхан Есет 5 орынды қанағат тұтты. Жеңімпаздар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Шара аудандық мәдениет үйінің алаңында ұйымдастырылған ән шашумен жалғасын тапты.
«Қаратал-Ақпарат»