7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай Үштөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің ұйымдстыруымен салтанатты шара өтті. Игі шараға ІІО ардагерлері мен қонақтары, желілік полиция бөлімінің жеке құрамы және бөлімше басшылары қатысты.

Үштөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Төленді Тағаев, ЖПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ринат Дауылбаев салтанатты жиынды ашық деп жариялағаннан кейін шара шымылдығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Артын ала аталған мекеменің жас қызметкерлері ант қабылдады.


Мерекелік құттықтаулардан кейін бірқатар марапаттарға орын берілді. Атап айтсақ, Қазақстан полициясына 30 жыл төс белгісімен Үштөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Тимур Әділханұлы марапатталды. Үштөбе ЖПБ-не кадр саясат тобының инспекторы, полиция лейтенанты Ержан Жунусовқа полиция аға лейтенанты атағы берілді. Үштөбе ст ЖПБ-не кезекші бөлімшенің кезекшінің көмекшісі, полиция аға сержанты Ернар Несіпбаев полиция старшинасы, Үштөбе ст ЖПБ-не ППТ полицейі қатардағы полицейі Бексұлтан Табылды полиция кіші сержанты, Үштөбе ст ЖПБ-не ППТ полицейі Мәдияр Сыдықов, Үштөбе ст ЖПБ-не ППТ полицейі Серікбол Жұмабек қатардағы полицейі, Үштөбе ст ЖПБ-не ППТ полицейі Еламан Қасымбеков қатардағы полицейі арнайы атағы берілді.



Аудан әкімінің алғыс хатымен Үштөбе ст. ЖПБ-нің Әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Саят Ахметов, Үштөбе ст.ЖПБ-нің кезекші бөлімшенің кезекші инспекторы, полиция капитаны Диас Нүсіпбай марапатталды. Үштөбе ЖПБ бастығының алғыс хатымен Үштөбе ЖПб-нің штаб бөлімше бастығы полиция майоры Сержан Биомбеков, Үштөбе ЖПб-нің ППТ полицейі полиция аға сержанты Нұрбол Кенитбаев, Үштөбе ЖПб-нің ППТ полицейі, полиция сержанты Мұрат Қадыр, Үштөбе ЖПб-нің кеңсе жетекші маманы Назігүл Жұсыпова марапатқа ие болды. Сонымен қатар бөлім бастығының құттықтау грамоталарымен ІІО ардагері, ауған соғысының ардагері Талгат Нургазин, Қаратал ауданы бойынша ардагерлер ұйымының төрағасы ІІО ардагері отставкадағы полиция подполковнигі Аманғазы Қыдырбаев, ІІО ардагері Анатолий Борисов, ІІО ардагері отставкадағы полиция полковнигі Төрехан Бүтіншінов марапатталды.
Осындай мерекелік марапаттардан кейін мекеме қызметкерлері мен қонақтары бірін-бірі құттықтап, естелік суретке түсіп тарқасты.
Балгерім ТҰМАН