Қаратал ауданында кәсіпкер көп жылдан бері баспанасыз, жалдамалы пәтерде тұрып келген Мадина Төменбаеваға баспана сыйлады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.
Мадина Ерікқызын қуантқан “Life Stroy Invest” ЖШС. Ата-анасынан ерте айырылып, баспана тауқыметін тартып келген Мадина Үштөбе қаласынан тұрмысқа жайлы 4 бөлмелі үйдің кілті табысталды.
«Бүгін міне қолы ашық жандардың арқасында баспаналы болдық. Бұл жаңалықты хабарлағанда сенбедім. Түс деп ойладым. Бізді осында әкеп, қолымызға кілтті табыстағанда қуанышымда шек болмады. Бәрінен бұрын бауырым бақытты. Енді біздің бауырымыз екеумізде армандағандай өз баспанамыз болады. Барлығына көп рахмет. Менің отбасыма қол ұшын созып, көмектескен жандарға алғысымды білдіремін», – деді Мадина Ерікқызы көз жасына ерік беріп.