Ардақты ардагерлер! Қадірлі аға буын өкілдері!                                                              Сіздерді қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ халқында «Қарты бар ел қазыналы ел» деген нақыл сөз бар. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.

Қарттар күні – еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін қажырлы еңбек еткен, халқымыздың болашағы үшін тер төккен алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі. Бүгінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан зейнет жасындағы ардагерлер қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамның дұрыс дамуына зор үлес қосуда. Сол себепті, ардагер аға-апаларымызға үлгі болар өнегелі істері үшін шексіз алғысымды білдіремін.

Сіздердің алдағы уақытта да халықтарымыздың достығын, ауданымыздың рухани бірлігін нығайту, жастарға тәрбие беру үшін көп іс тындыра алатындарыңызға менің сенімім мол.

Мерейлі мереке күні барша ардагерлерді шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!

 

 

Құрметті ұстаздар! Қадірменді білім саласының ардагерлері!

Сіздерді  кәсіби мерекелеріңіз  мұғалім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы – адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтардың алдына білімі терең, ойы озық, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекеге түсе алатындай «Жеті түрлі ілім білетін» ұрпақ тәрбиелеу міндетін қойды. Жас ұрпаққа қоғамымыздың идеалы болатындай сапалы білім, саналы тәрбие беру – ұстаздар қауымының басты міндеті болып қала бермек.

Биылғы оқу жылында аудан мектептерінде 1098 педагог қызмет етіп жатса, олардың 3-і педагог-шебер, 140-ы педагог-зерттеуші, 161-і педагог-сарапшы, 184-і педагог-модератор, жоғары санатта 71, бірінші санатта 135, екінші санатта 107 педагог. Бес педагог «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері,  жеті педагог «Білім беру ісінің үздігі».  Мұнымен бірге мектеп ұжымдары әрқашан да қоғамдық іс-шараларға да аянбай ат салысып, барлық салада белсенділік танытуда.

Қадірлі ұлағатты ұстаздар! Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда! Жаңа Қазақстанымыздың дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілеймін.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *