Жетісу облысында 267 мектеп бітіруші «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы..
Жетісу облыстық білім басқармасының мәліметінше, олардың басым көпшілігі, яғни 71 үміткер – Талдықорған қаласындағы мектептердің түлектері.
Үміткерлер саны бойынша екінші орында Панфилов ауданы. Бұл өңірден 31 үміткер бар. Үшінші орында 28 түлекпен Сарқан ауданы тұр.
Фото: ашық дереккөзден