Қазақстанда 1 шілдеден бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5%-ға көтеріледі, – деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі дерегіне сүйеніп.
Аталған қаулыға ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қол қойды.
– Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5%-ға артады, – делінген ресми ақпаратта.
Бұл бағыттағы әлеуметтік жәрдемақыны көбейту нәтижесінде 92 мыңға жуық алушы мен асыраушысынан айрылған 61 мың отбасын қамтымақ.
Фото: көрнекілікке алынды
“ЖЕТІСУ” АҚПАРАТ