Жуырда аудан орталығы Үштөбе қаласынан шыға берістегі республикалық манызы бар автокөлік жолының бойынан «QAZAQ oil» компаниясының заманауи үлгідегі жанар-жағармай құю бекеті ашылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Гаухар Байгазинова, Үштөбе қаласының әкімі Ғалымбек Ибраев, Кәсіпкерлер палатасының Қаратал аудандық филиалының директоры Фархат Құсайынов және БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Қайрат Саханұлы ашылған жаңа бекет тек аудан тұрғындары мен қонақтарының көліктеріне жанар-жағар май ұсынуынан бөлек, аграрлық сектордың күзгі жиын теріні барысында жанар-жағармай тапшылығын азайтуға қосатын үлесін айтты. Жалпы «QAZAQ oil» бренді Қазақстанда жасалған. Кешен аумағында арзан әрі сапалы бензин, дизель отын толтырудан бөлек күнделікті сұраныстағы мындаған тауарлар саудаланатын толыққанды Market дүкені бар. Сондай-ақ келушілерге ыстық және салқын сусындар, жаңа піскен тоқаштар мен тез тамақтану тағамдары (фаст-фуд) ұсынылады, заманауи кофе қайнатқышпен де жабдықталған. Елімізде осындай кешендердің ашылуы болашағы зор елдің ертеңіне айналуына үлкен септігін тигізері анық.
«Қаратал-Ақпарат»