Көше атауы жазылған аншлаг ортану жалғасын таппақ
«QARATAL» газетінің 2022 жылдың 22 шілде күнгі «№29 (7800) санында «Көше атаулары жазылған мекен-жай тақтайшалары неге толық қойылмаған» атты мақала төңірегінде көтерілген мәселе бойынша төмендегіні мәлімдеймін. «Қаратал ауданының Үштөбе қаласы әкімі аппараты ММ-сі Үштөбе қалалық округі бойынша елді мекендердегі көше атаулары мен тұрғын үйлер және тұрғын емес объектілер нөмірлерін (аншлаг QR кодымен) дайындау үшін жеке кәсіпкер «Туткабаева» және орнату үшін жеке кәсіпкер «Дизайн студия Tseh» келісім шартқа отырып, аншлаг қою жұмыстары жүргізілген. Мердігер кейбір мекен-жайларды таба алмауына байланысты орнатылмаған аншлагтарды қала әкімдігіне өткізді. Осыған байланысты аншлаг қойылмаған тұрғын үйлер, қала әкімдігіне келіп, алып кетсе болады. Сонымен қатар, қала әкімдігінде жоқ болып шығатын аншлагтар бойынша жаңадан тапсырыс беріліп, жасалынатын болады.
Ғ. ИБРАЕВ, Үштөбе қаласының әкімі
Жаяу жүргіншілер өткелі салынбақ
«QARATAL» газетінің 2022 жылдың 16 қыркүйек күнгі № 37(7808) санында жарияланған «Көптің тілеуі – көпір» атты оқырмандар сауалына жағымды жаңалықпен төмендегі баяндаймыз. Көпір мәселесіне байланысты ел тілегі ескеріліп, қазіргі уақытта І.Есенберлин мектебінің ауданында ТЖ желісі арқылы жаяу жүргіншілер өткелін салу үшін жобалау құжаттамасын дайындауға ЖІЖ (жобалау-іздестіру жұмыстары) әзірленді. Осы рәсімдерден кейін бюджеттік өтінім жасалып, облысқа жіберіледі. Құрылыс жұмыстары қаражат бөлінуіне байланысты басталады.
Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі