Абай облысының Көкпекті ауданында 200 гектар жер өртенді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, кеше күндізгі сағат 11 шамасында Көкпекті ауданының Үлгілі-Малшы ауылынан 50 шақырым жерде қамыс өртенген. Оқиға орнына қарауылдауды іске асыратын жергілікті атқарушы органдардың бейінді қызметтерінің өкілдері дереу шықты.

Қазір өрттің болжамды ауданы – 200 гектар. Елді мекендерге қауіп жоқ. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Үлгілі-Малшы ауылдық округі әкімдігінің мәліметінше, оған мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарын тартудың қажеті болмаған.

                                                                                                                                                                     Фото: ғаламтордан

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *