Шілде 27 жұлдызы еліміздің үш қаласынан басқа басым өңірлерде қолайлы метеорологиялық жағдай болжанған.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Ұйым таратқан мәліметке сүйенсек, өңірлердегі бір қалыпты метеорологиялық жағдай тек Алматы, Ақтөбе, Атырау сынды үш қалада ауытқиды. Яғни, аталған қалаларда ауа сапасы нашарлайды.
Айта кетейік, қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Фото: ашық дереккөзден