Құрметті педагогика саласының ардагерлері, ұстаздар, тәрбиешілер!

Күз мезгілінің үлесіне тиіп, жаңа оқу жылымен қатар келетін дәстүрлі мерекеміз Мұғалім күні құтты болсын!

Әр адам қандай жетістікке жетсе де білім берген ұстаздарын ерекше қадірлейді. Ең алдымен, білім саласының барлық қызметкерлеріне шынайы ықыласымды білдіремін. Сіздер еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етіп келесіздер!

Қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев «Алты алаштың баласы бас қосса, ең қадірлі орын мұғалімдікі»,-  деп ұстаз мамандығының қастерлі кәсіп екенін атап кетті. Ұстаз жастардың алдағы өміріне жол көрсетіп, оқу, білім, өнерге баулып, әр шәкірттің жүрегінде өшпес із қалдырады. Жас ұрпаққа қоғамымыздың идеалы болатындай сапалы білім, саналы тәрбие беру – ұстаздар қауымының басты міндеті болып қала береді.

Бүгінгідей мерекеде ауданымыздың білім саласының дамуына қажырлы еңбектерін аянбай қосып келе жатқан, оқушылары республикалық, облыстық пән олимпиадасында, ғылыми жобалар конкурсында, әртүрлі білім сайыстарында жүлделі орындар алып жүрген шығармашыл да талантты ұстаздарымызға алғыс білдіремін. Үлкен өмірге аттандырған түлектеріміздің білімі әлемдік деңгейге көтеріліп, Сіздердің үміттеріңізді ақтап, саналы білімдерін ел абыройы мен келешегіне жұмсар деген сенімдемін.

Өздеріңізге жүктелген міндеттеріңізді абыроймен атқарып, әрқашан сенім биігінен көріне беріңіздер! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

 

           Уважаемые учителя, педагоги дошкольного и  дополнительного образования, ветераны  педагогического труда!

Сердечно поздравляю Вас с Днем учителя! В мире есть профессии, которые мы особенно чтим и уважаем. И педагог – одна из них. Именно учитель, обучая и воспитывая подрастающее поколение, во многом закладывает основы будущего страны и ее народа.

Работники сферы образования Каратальского района достойно несут высокое звание учителя. Любовь к детям, профессионализм, опыт и талант – все эти прекрасные качества присущи каждому из вас. Можно без преувеличения сказать, что золотой интеллектуальный фонд района включает более 1098 педагогов.

Сегодня слова особой благодарности хочется адресовать ветеранам отрасли. Всем тем, кто, стоя у самых истоков, передали свой бесценный опыт и знания нынешнему поколению учителей – достойным продолжателям важнейшей профессии.

Қуат ОҢҒАРОВ, аудандық білім бөлімінің басшысы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *