Құрметті МДШО бар Кәлпе орта мектебінің құрметті ұстаздары!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – мұғалім күнімен құттықтаймын! Мұғалім күні – бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке десем артық айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүрген ұстаздар қауымын халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. «Ұстаз» сөзінің өзі «Отан», «Ар», «Адамгершілік» сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр. Алдымызда батыр бабаларымыз ғасырлар бойы қорғап, бүгінгі азат ұрпаққа аманаттаған Ел бірлігі мен Жер бүтіндігін сақтап, Ұлт болып ұйысу арқылы Жаңа Қазақстанды құру міндеті тұр! Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу –  ұстаз міндеті. «Ұстаз бақыты – озып туған шәкірті» десе, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін! Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер тілеймін. Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілеймін!

Айгерім ЕРҒОСАЕВА,

МДШО бар Кәлпе орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *