Жуырда Жетісу облысы білім басқармасының қолдауымен «Жетісу дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен білім саласының қызметкерлері және мектеп ұстаздары арасында өткен облыстық «MiBattle» зияткерлік сайысында Көксу ауданының мұғалімдер құрамасы бас жүлде иеленді. Топ мүшелері, атап айтсақ Көксу аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұлан Уәлиев, Биғайша Құндақбаева атындағы № 1 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Темірлан Сейтказинов, Биғайша Құндақбаева атындағы № 1 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Аслан Рафиков, Медеубай Құрманов атындағы №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанар Абдрешова мен Жамбыл атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әлішер Ариновты жеңістерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз.
Көксу аудандық білім бөлімі