Өз кезеңінде «Қазақтың Ахаңы» деген атқа ие болған, ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жүрегі «Қазағым» деп соққан, халқын алға жетелеуге ұмтылған, оның зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан, Алаш тобының рухани көсемі, тіл білімінің атасы, лингвист, ғалым, аудармашы, қоғам қайраткері, ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай аудандық орталық кітапхана мен «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы бірлесе отырып, Үшарал қаласы  №1 орта мектебінің ұстаздары және 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлт тірегі – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында әдеби -сазды кеш өтті. Шара баарысында «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі Ақбілек Қуандыққызы дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, слайд арқылы таныстырып, оқушыларға сұрақтар қойды. Сонымен қатар, Сәкен Иманасов атындағы және №1 орта мектебінің 8 сынып оқушылары Айдана Жұбай мен Эльназ Болысбайдың орындауында «Еркесылқым», «Бақтыбайдың әуені» атты күйлер орындалып, орталық кітапханамыздың библиографы Айгүл Қабидоллақызы тақырыпқа байланысты ұйымдастырылған кітап көрмесін таныстырып өтті.

Оқушылар бұл шарадан Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығынан бөлек, саясаттағы орны мен тіл біліміне қосқан үлесімен кеңінен танысты. «Оқу құралы», «Тіл танытқыш» кітаптарының қыр-сырын ұғып, кітап оқуға деген қызығушылықтары артты.

Ахмет Байтұрсынұлы – ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, реформатор, қоғам қайраткері, алғаш әліпбиді құрастырушы және ең әуелі ұлы ұстаз. Аз ғана ғұмырында қаншама ғылымды игерген, қаншама еңбек жазып халқына мұра етіп кеткен еңбегін бүгінгі және келешек ұрпақ ұмытпасы анық.

 

А.ДАРКАМБАЕВА,

Алакөл аудандық орталық кітапхананың оқырман залының                                          кітапханашысы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *