Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 10 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Казақстанның батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын, түнде еліміздің солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша екпінді жел, ҚР батысында көктайғақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста, шығыста түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі күтілуде, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

                                                                                                                                                        Сурет: ғаламтордан алынды

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *