Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды.
Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Дереккөз: ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ
Фото: akorda.kz