«Қазақстан халқына» қоры су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөлінетінін мәлім етті. 

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев пен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Олжас Бектеновтің кездесуі өтті.

«Тұжырымдамаға сәйкес қордың мақсаттарының бірі – төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсету. Осыған байланысты Қор Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жалпы сомасы 5 млрд теңгеге су тасқыны салдарынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсететін болады», – делінген хабарламада.

Қайырымдылық көмек көрсетудің негізгі талабы – жергілікті атқарушы органдардың объективті тексеріс жүргізуі және тиісті сараптама ұйымдарының ауылдық тұрғын үйді жарамсыз деп тану фактісі.

«Қор растау құжаттарын қабылдағаннан кейін тиісті ішкі шешім бекіту рәсімдерін жүргізетін болады. Сондай-ақ қор тарапынан 2022 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында көрсетілген қайырымдылық көмек тәжірибесіне сүйеніп, ауылдық елді мекендердегі су тасқынынан зардап шеккен осындай 200 үй салуға болады деп пайымдайды», – деді қордан.

Фото: kazlenta.kz

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *