Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев еліміздің бірқатар облыстарындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына Үндеу жасады.
Президент мұндай табиғи апат ұзақ жылдан бері болмағанын, көлем жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы барлық құтқару жұмыстары өзінің тікелей бақылауында екенін және тасқын судан зардап шеккен азаматтардың бірде біреуі ескерусіз қалмайтынын жеткізді.
Елімізде ешқашан мұндай ахуалдар орын алмасын. Әрдайым еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Мәди ӘКІМЖАНОВ, мәслихат төрағасы.