Президентіміз Қасым – Жомарт Тоқаев еліміздің бір қатар облыстарына су тасқыны жағдайға байланысты бүгін Қазақстан халқына Үндеу жасады.Мемлекет су тасқынының салдарын жою бойынша белсенді шаралар қабылдауда. Шұғыл қызметтер мен құтқару топтары күшейтілген режимде жұмыс атқарып жатыр.Адамдардың қауіпсіздігі мемлекет үшін басымдыққа ие. Жұмыстың маңызды аспектісі су тасқынынан зардап шеккен адамдарға қажетті қолдау көрсету болып табылады, оның ішінде: эвакуациялау; уақытша баспанамен қамтамасыз ету; медициналық көмек көрсету; азық-түлік пен медициналық құралдарды жеткізу; психологиялық көмек көрсету.Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына материалдық көмек көрсетіледі, барлық шығындар пропорционалды түрде өтеледі .Президент үкіметке Мемлекеттік материалдық резервті брондауды және тұрғындарға көмектесуді тапсырды.Бұл жағдай Президентіміздің жеке бақылауында әрі азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен әл – ауқатын жақсарту мақсатында барлық жағдай жасалатынын атап өтті.

Ирина БАЙҒАЗАҚОВА Қаратал аудандық маслихатының № 7 сайлау округінің депутаты

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *