Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру бойынша бірқатар тапсырмалар бергені белгілі.
Су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне елді мекендердің көшелерін тазарту, ағаш отырғызу, аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Жолдарды да ретке келтіруге бұйрық берілгені мені қуантады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына еріктілер мен тұрғындарды тартудың маңыздылығын атап өтті.
Өз атымнан қоса айтарым, облысымыздың,ауданымыздың белсенді жастарын мұндай жұмыстарға шет қалмай, атсалысуға шақырамын! Еріктілер қатарына қосылу арқылы біз бірлескен күш-жігер арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізе аламыз!
Мен бұл шешімді толығымен қолдаймын, көктем келді, демек, абаттандыру жұмыстарын бастау уақыты келді!
Біржан ҚҰМАРОВ Қаратал аудандық орталық аурухана директоры