Илияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан №389 референдум учаскесіндегі саяси науқанды «Бақылау қырандары» тәуелсіз бақылаушылары жіті назарда ұстауда.

Таңғы сағат 7-де учаске ашылды. Халық 9-дан өте ағылып келе бастады. Байқауымызша, ешқандай үгіт-насихат жүріп жатқан жоқ. Тұрғындар өз еркімен келіп, саналы тұрғыда дауыс беруде. Еліміз үшін маңызды шешім шығатын жалпыхалықтық референдум саяси үдерісімізді айқындатса керек, — деді тәуелсіз бақылаушы.

Референдум учаскесінің төрағасы Әділжан Ғұмаров әрбір тұрғынның таңдау жасауына жағдай жасалғанын айтуда. Тіпті, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап дауыс беру орны жасақталған.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *