«Адам жаспен емес, жауапкершілікпен өседі» деген. Бүгін Жамбыл ауданына қарасты Ақбұлым ауылының тұрғыны, ғасыр жасаған кейуана Күлия Үсенова жергілікті №465 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

«Қуат –  тіршілік көзі» деп білетін ғасыр куәгері ел ертеңіне бей-жай қарамайтынын айтып, саяси науқаннан қалыс қалмауды ұйғарыпты.

– Небір зұлмат заманды бастан өткеріп, білте шамның жарығымен өсіп-өнген адамбыз. Шіркін, жарық дүниеге не жетсін! Бастысы – ел аман, жұрт тыныш болсын, – дейді ғасыр құрдасы.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *