Бүгін референдумға қатысып, дауысымды бердім. Бұл барлығымыз үшін үлкен жауапкершілік пен маңызды сәт. Меніңше, әр азаматтың дауыс беруі – азаматтық міндет, қоғамымыздың дамуына үлес қосу.Әр дауыс, әр пікір – біздің ортақ болашағымыздың қалыптасуына ықпал етеді. Бүгінгі таңдауымыз ертеңгі күніміздің кепілі.Біздің даусымыз – біздің күшіміз. Бүгінгі күні азаматтық белсенділік көрсетіп, еліміздің болашағын бірге жасайық!