Сарқан ауданы Қойлық ауылдық «Зарянка» этно орталығының өкілдері өз дауыстарын берді.

Этно орталық мүшелері Қойлық ауылында өткізілетін барлық іс-шараларына белсене ат салысады. Аталған орталықтың ауыл бойынша ұлтаралық қатынастарды нығайтуда үлесі зор. Көптеген аудандық, республикалық байқау жеңімпаздары.

К.Қазыбаев атындағы мәдениет үйінің қызметкерлері елдегі елеулі сәтті ерекше іс-шаралармен айшықтап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. «Зарянка» это орталығының өкілдері  референдум учаскесінде ұлттық киімдерін киініп өз таңдауларын жасауға келді.

«Біз маңызды шараға бей-жай қарамаймыз. Сондықтан жерлестерімізді референдумға бір кісідей атсалысуға шақырамын», – деді этноорталық  жетекшісі Татьяна Лебедева.

“Жетесу-Ақпарат”

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *