Жуырда «Балалар жылы» және ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына арналып республика оқушылары арасында әскери-спорттық «Жас Ұлан – 2022» ойыны ұйымдастырылды. Жарыс саптық байқау, АК қаруын шашып қайта жинау, ұлдар арасында кермеге тартылу, қыздар дене көтеру, алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, әскери-патриоттық сахналық қойылым, туған өлкені қорғау байқауы, жауынгерлік үнпарақ  т.б. номинациялар түрлерінен өткізілді. Әр команда санында 8 ұл, 2 қыздан жасақталған барлық облыстар мен қалалардан келген командалар өз білімдері мен өнерлерін, мықтылықтары мен ептіліктерін ортаға салып өз облыстарының абыройларын қорғады.

Байқауда Білім министрлігі мен спорт, қорғаныс істері саласының мамандары әділ-қазылық етті. Байқаудың қорытындысы бойынша 1-ші орынды Алматы облысының намысын қорғаған ауданымыздың «Құлагер» командасы 268 ұпаймен жеңіп алды. 2-ші орынды Қызылорда облысы 256 ұпай, 3-ші орынды 254 ұпаймен Түркістан облысы жеңіп алды. Барлық жүлдері орын алған командалар кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қанат АБДИЛЬДАНОВ, аудандық білім бөлімінің әдіскері, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Спорт саласының үздік қызметкері

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *