Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық – үлкен әлеуметтік қасірет болып табылады. Сыбайлас жемқорлық салдарынан мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі айтарлықтай төмендетіледі, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Ең бастысы – адамдардың  қоғамның демократиялық басталуына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты – оның алдын алу. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң Қазақстан Республикасының аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

Жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мекеме немесе ұйым басшылығы ұйымдар мен өзге тұлғалардың қызметіне әсер ету үшін қызметтік дәрежені пайдаланбауға, жұмысқа қабылдау кезінде парақорлыққа, мүдделер қақтығысының орын алуына жол бермеуге, қоғамдағы халықтың бірлігін және елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, халық арасында алауыздық тудырмауға және өзге ұлттардың салт-дәстүрлеріне, тіліне құрметпен қарауға, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға міндеттеледі. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

 

Р.БЕКБОСУНОВ,  Қаратал ауданының қорғаныс істері

жөніндегі бөлім бастығы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *