Білім ордасы

Түлектерге мың алғыс!

Көкірегінде ұрпақ парызы мен сағыныш сезімдері  тоғысқан  Қаратал ауданы, Тастөбе ауылының Жамбыл  атындағы  орта мектебінің түлектері  араға 10,15,40,50  жыл салып, алтын ұя мектептерінде қайта қауышты.

1972, 1982  жылғы түлектер бүгінде ақ жаулықты ана атанып, ел ағасы болған сыныптастар алтын ұяларына ат басын тіреп, үлкен өмірге қанат қақтырған білім ордасымен қатар ұстаздарына құрмет көрсетті.

Туған жерге сағынышпен жеткен түлектер бір сәтке партаға отырып, жастық шаққа саяхат жасап, ұстаздарына деген сағынышқа толы естеліктерімен бөлісті.

Бүгінде олардың бірі – қаржыгер, бірі – кәсіпкер  ал енді бірі – ұстаз. Қай-қайсысы болсада ауылдың мақтанышы. Сағынышқа толы кездесу сәтінен кейін мектептің 50 жылдық түлектері мектептің саябағына 10 түп сібір ағашын отырғызып берсе, 40  жылдық түлектер мектептің акт залын ерекше перделермен жабдықтап берді.

1982  жылдық түлектердің арасында Баян Жәнібековаға алғыс білдіреміз. Өйткені, ол шет елде жүрсе де мектебіміздің көркеюіне зор үлесін қосуда.  Ал 2007 жылғы түлектер балалардың өнерлері өрге жүзсін деген ниетпен оларға микрофон сыйласа, 2012 жылғы түлектер мектептің дәлізіне әсемдік гүлдер сыйлады. Осының барлығы түлектердің туған жерге деген ыстық сезімдері мен алтын ұя мектептеріне деген құрметтері деп білеміз. Барлық түлектерге шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларына баянды бақыт тілейміз.

Жалпы Жамбыл атындағы орта мектебінің әр жылдары бітірген түлектері өз ауылына, алтын ұя мектебіне қамқорлық көрсетулері игі дәстүрге айналған. Осындай игі дәстүр келешек ұрпаққа үлгі болатындай жалғасын тапса деп тілейміз.

 

Жамбыл атындағы орта мектебінің ұжымы

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *