Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында, жаңадан жасақталатын Үкіметке бүгінгідей қиын кезеңде халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шаралар тізімін ұсынуды тапсырды.

Әсіресе білім саласында үлкен парыз жүктелді. Халық даналығындағы «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» ұғымы дәл қазіргі кезеңге сай келіп отыр.

Еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу екендігін президентіміз ерекше атап өтті. Оны жүзеге асыру үшін Үкіметке білім гранттарының санын көбейту, шет аймақтарды білікті мұғалімдермен қамтамасыз ету және елімізде шет елдің озық университеттерінің филиалдарын ашу тәрізді тапсырмалар берді. Бұл дегеніміз, бір жағынан еліміздегі жоғары оқу орындарына зор міндет жүктесе, екінші жағынан бәсекелестікті арттырып, сол арқылы сапалы маман даярлауға жол ашады деген сенімдеміз. Сондықта да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инетллектуалды ұрпақ қалыптастыру бойынша берген тапсырмасын жұмыла абыроймен атқарамыз міндетті.

Н.Кілтбаева

 

 

 

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *