Азиялық бокс конфедерациясы (ASBC) қазақстандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлының Парижге соңғы лицензиялар берілетін турнирдегі кезекті жеңісін атап өтті.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бангкокта өткізген екінші жекпе-жегінде қазақ боксшы түркиялық Мизан Айколды жеңді.

“Қазақстандық Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Бусто-Арсициодан кейін Парижге жолдама жеңіп алдуың екінші мүмкіндігін алды. 22 жастағы боксшы түркиялық Мизан Айколға қарсы жекпе-жекке үлкен мотивациямен шықты және бірінші раундта сол жақтан ауыр джебтер жасай алды. Базарбайұлы бұл айқаста басымдық көрсетті, оның оңтүстік стилі түркиялық үшін қолайсыз болды, сондықтан қазақстандық боксшы енді топ-16 тізімде”, – деп жазады ASBC.

By karatal

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *